«Нұр Отан» партиясының журналистерге арналған дәстүрлі шарасы биыл тоғызыншы рет ұйымдастырылып отыр. Байқауға ел бойынша 200 қатысушыдан 800-ден астам жұмыс келіп түскен. Оның 85 пайызы мемлекеттік тілде. Жеңімпаздар 10 аталым бойынша марапатталды. Ең үздік тележурналист ретінде «Көзқарас» жүлдесін «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының тілшісі Индира Бегайдар жеңіп алды. Сондай-ақ, өзге де телеарна, газет, сайт журналистері «Халық дауысы», «Сөз шебері», «Сөз зергері», «Медиа-профи» аталымдарында топ жарды. Биылғы байқаудағы басты ерекшелік – «Партиялық жаңғыру», «Астанаға – 20 жыл», «5 бастама», «Рухани жаңғыру», «Майталман» сыйлықтары бірінші рет берілді.
Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ұлттық арна тілшісі Индира Бегайдар «Нұр Сұңқар» байқауының жеңімпазы атанды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/61170/)