Қарағанды облысында соңғы бес күнде бес бала терезеден құлап мертікті. Кеншілер қаласында 2 және 4 жастағы сәбилер биіктен құлап жазым болды. Облыс орталығына іргелес Абай қаласында да бір бала бесінші қабаттан құлап ауыр жарақат алды. Жазатайым оқиға Жезқазған қаласында да қайталанды.
Сондай-ақ, Теміртауда 6-шы қабаттан төмен құлдилаған үш жасар бала облыстық медициналық орталыққа жеткізілді. Мамандар «балалардың қараусыз қалып, қайғылы жағдайға душар болуы жиілеп кетті», - дейді. Мертіккен балалар түрлі дене жарақатымен ауруханада ем-дом қабылдап жатыр.
Шолпан Қауымбеков, дәрігер-нейрохирург:
- Теміртау қаласынан бізге санавиациямен әкелді. Томография жасау кезінде бас сүйегінің сынығы бар екені анықталды. Операция жасауды қажет етпейді. Бүгінгі күнде жағдайы тұрақты. Бала жүгіріп, тамақ ішіп жүр.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қарағанды облысында соңғы бес күнде бес бала терезеден құлап мертікті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/61229/)