Қазақстанның қылмыстық сот төрелігі тәжірибесі әлем назарында - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанның қылмыстық сот төрелігі тәжірибесі әлем назарында

18.07.2018

Қазақстан тәжірибесі халықаралық үлгіге айналуы ықтимал. Әңгіме қылмыстық сот төрелігі турасындағы реформаларда. Бас прокуратураның бастамаларымен танысуға келген Халықаралық прокурорлар қауымдастығының президенті Герхард Ярош әсіресе, абақтылар мен сотталғандар санын азайтуға бағытталған жобаның нәтижесін жоғары бағалады. Тәуелсіздік алған сәтте еліміз абақты санының көптігі бойынша әлемде алдыңғы үштікте болса, қазір 82-ші орында тұр. Ал, қамалғандар саны 100 мыңнан 33 мыңға дейін азайған. Шетелдік қонақ Қазақстанның тәжірибесін халықаралық қауымдастыққа таныстыруға мүдделі.    

Герхард Ярош, Халықаралық прокурорлар қауымдастығының президенті:

- Біздің ұйым бүкіл әлемдегі прокурорларды бір-бірімен байланыстырып, тығыз жұмыс істеуді көздейді. Әсіресе, олардың бір-бірінен үйренгені маңызды. Жуырда қауымдастыққа мүше 170 елдің прокурорларының сессиясы өтеді. Сол жерде Қазақстанның жобаларын тәжірибе ретінде қолдануға ұсыныс жасаймыз.

 

Маралбек САҒЫНҒАНОВ

Хабарламаларға жазылу