Астанада «J-LIBRARY»  атты электронды кітапхана іске қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «J-LIBRARY»  атты электронды кітапхана іске қосылды

19.07.2018

Бұл «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанатының жобасы. Осы арқылы игі бастаманың авторлары ел азаматтарын кітап оқуға шақырады. Қосымшаға «Жас Отанның» сайты арқылы кіруге болады. Онда көркем әдебиет классикасымен қатар қазіргі заман жазушыларының да еңбектері бар. Жыл аяғына дейін мұнда 10 мың кітаптың электронды нұсқасы енгізіледі. Барлығының да авторлық құқықтары қорғалған. Айта кетейік, бұл кітапханаға кез келген емін-еркін кіре алады. Тек интернет желісі қолжетімді болса болғаны. 

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.           

Хабарламаларға жазылу