Шара аясында «террорлық қауіптің қызыл деңгейі» жарияланып, арнайы жасақ «содырларды» ұстап, «тұтқындарды» босатты. Ірі өндірістік нысандарда болуы мүмкін террорлық әрекеттердің жай-жапсары пысықталды. Хабарлама жүйесінің қызметі, жедел әрекет ету шаралары тексерілді. Мемлекеттік органдардың оқиғаның алдын алу, салдарымен күресу және жою кезінде бірігіп әрекет етуіне мән берілді.
Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Шығыс Қазақстан облысында антитеррорлық оқу-жаттығу өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/61393/)