Шоколадтан жасалған түрлі мүсіндер, композициялармен қатар, голливудтық жұлдыздардың портреттері сомдалған тәттілердің сақталу мерзімі ұзақ. Олардың жалпы салмағы бірнеше ондаған килограмға дейін тартады, таза шоколад пен марципаннан құйылған. Киім, опа-далаптардың жасалуы қиын, десе де зергерлік әшекейлерді қолөнер шебері Николай Попов асқан ыждаһаттылықпен жасап шыққан. Көрме көпшіліктің көңілінен шықты.
Тамара Быкова, ШҚО Сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы директорының орынбасары:
- Мұнда шоколадтың тек шоколад қана еместігін көруге болады. Бұл тұтынатын өнім ғана емес, өнер туындысы, сонысымен де қызық. Ө|згеше материалдардан жасалған. Көрмеде жануарлар, миниатюралар, қару-жарақ құралдарымен қоса жұмыс құралдары бар, мұның барлығы - шоколадтан.
Айдана ДАЙЫРОВА
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Өскеменде шоколад көрмесі өтуде&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/61475/)