Өз баласын таспен ұрған әке кінәсін мойындады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өз баласын таспен ұрған әке кінәсін мойындады

01.08.2018

Алматыда көлік қақты деген қылмыстық дерек бойынша 4 жасар Мұхамед өлім аузынан қалды. Оны адамдар тапа-тал түсте сағат 10:50-де тал түбінен тапқан еді. Алайда, полиция қызметкерлері қазір балаға қандай қастандық жасалғанын анықтады. Шын мәнінде оны көлік қақпаған.

«Оқиға болған орындағы бейнебақылау камераларынан Мұхамедті әкесі қолынан жетектеп, жол бойынан өтіп бара жатқандығы көрінеді», - дейді полицейлер. Әрі оның алған жарақаттары да жол апатымен сәйкес келмейді. Алкогольдік ішімдік қолданған Мұрат Асқар-Оғлы өз баласын маңдайынан таспен ұрған. Қазір ол өз кінәсін толық мойындап отыр.

Мұрат Асқар-Оғлы, Мұхамедтің әкесі:

- Сол күні таңертең алькоголдік ішімдік ішкенім рас. Ұлым қасымда болатын. Ол тынышсызданып, мазамды алған соң қатты ашуландым. Тасты алып, оны маңдайынан ұрып жібердім. Ол құлап қолған соң автобусқа отырып жұмысқа бардым. Сол жерде жуындым. Барлық қазақстандықтардан, полиция қызметкерлерінен кешірім сұраймын. Тиісті жазамды өтеуге дайынмын.

 

Лаура ҚУАНЫШҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу