Маусымдық жұмыстарға бюджеттен 6 млрд. теңге қарастырылған. Жалпы, өңірде 34 қазандық, 2000-ға жуық көпқабатты тұрғын үй және 2300-дей бюджеттік мекеме бар. Қазір қазандықтар бастан-аяқ жөнделіп, жылыту жүйелері тексерілуде. Жетісулықтар қыста 1,5 млн. тонна көмір жағады, қазір қоймаларға қатты отынның 30 пайызы жеткізілді. Сондай-ақ, сұйық отынның 44 пайызы дайын.
Ақылбек Тәжиев, «Талдықорғанжылусервис» МКК-ның бас инженері:
- Алдымыздағы қысқа дайындықта қазір 2 қазандықты күрделі жөндеуден өткізіп жатырмыз. Қазандықтың біреуінде жөндеу жұмысы аяқталды. Қазір іске қосылып, міне, бүгін 4-5-ші тәулік жұмыс істеп жатыр.
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматы облысында қысқы жылыту маусымына дайындық қызу жүріп жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/61497/)