![Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы 23 миллиард доллардан асты](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_75010.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазақстан мен Ресей арасындағы экономикалық қарым-қатынас жөніндегі ұзақмерзімді бағдарламаның нәтижесі жаман емес.
Өткен жылы Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы 23 миллиард 49 миллион АҚШ долларына жеткен. Бұл - Қазақстанның жалпы сыртқы сауда айналымының 17,7 пайызына тең.
Осы кезеңде Қазақстан Ресейге 5 миллиард 8 миллион доллардың тауарын экспорттаса, Ресейден 17 миллиард 69 миллион доллардың заты импортталды.
Бүгінде отын-энергетика, машина құрастыру, мұнай-газ саласындағы әріптестік келісімді ерекше атап өтуге болады.
Өткен жылы екі ел Үкіметі ресейлік мұнайды Қазақстан Республикасы аумағы арқылы Қытайға тасымалдау жөніндегі келісімге қол қойды. Осы келісім негізінде Қытайға жылына 7 миллион тоннаға дейін мұнай тасымалдау жоспарланған.
Сондай-ақ, өткен жылы Өскеменде Қазақстан мен Ресейдің бірлескен жобасы - «Азия Авто Қазақстан» автомобиль зауытының құрылысы басталды. Зауыт іске қосылса, жылына 120 мың көлік шығаратын болады.
Шынар АСАНҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы 23 миллиард доллардан асты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/6168/)