Жамбыл облысына барған Мәжіліс депутаттары бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, жұртшылықпен жүздесіп қайтты. Ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығын дамытып, жаңа технологияның игілігін көріп отырған шаруашылықтарды аралады.
Соның бірі - Бектөбе ауылындағы «Азамат» шаруа қожалығы. Мұндағы жылыжай голланд технологиясы бойынша соғылған. Қол жұмысы – аз, өнімі – мол. Халық қалаулылары тоқтаған ірі серіктестіктің бірі – «Аса-Даму» құс фабрикасы. Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында ашылған жобаның жылдық өнім қуаты - 914 млн. теңге. Мемлекеттік қолдауды тиімді пайдаланып, кәсібі өрге басқан серіктестік келешекте шаруасын ширатып, өндіріс ауқымын ұлғайтпақ.
Гүлнұр ҚАЙРАТҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мәжіліс депутаттары Жамбыл облысындағы әлеуметтік нысандарды аралады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/61696/)