Солтүстік Қазақстан облысында бюджет қаржысын жымқыруға байланысты 40-қа жуық қылмыстық іс тіркелген. Оның ішінде 7 қылмыстық оқиғада автомобиль жолдарын жөндеуге бөлінген қаржының мақсатсыз жұмсалғаны әшкереленген. Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Нұрымжан Абатовтың айтуынша, шығын көлемі 200 млн. теңгеден асады. Жалпы, департамент қазір 130 қылмыстық істі тергеуде. Оның ішінде 90-ға жуығы биыл қозғалған, бірқатары сотқа жіберіліпті. Тіркелген істің 32 пайызы салыққа қатысты болса, 11 пайызы көлеңкелі экономикаға тиесілі.
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.