«Қазақстан авторлар қоғамына» - 20 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан авторлар қоғамына» - 20 жыл

14.09.2018

Биыл «Қазақстан авторлар қоғамына» 20 жыл толды. Атаулы датаға орай, елге белгілі азаматтар елеулі еңбегі үшін марапатталды. Олардың қатарында танымал драматургтер мен композиторлар, ақындар, хореографтар және театр суретшілері де бар. Бүгінде ширек ғасырға жуықтаған құрылымға 3294 төлем тіркелген.

Сондай-ақ, зияткерлік меншік құқығын осы одақтың өкілеттігіне тапсырған 4 миллионнан астам шетелдік автор аталған қоғамның мүшесі. Жалпы, авторлар қоғамы 30-дан астам өзге мемлекеттердегі ұйымдармен екіжақты келісімшарт негізінде жұмыс істеп келеді. Мәселен, қазір Ресей, АҚШ, Франция, Мексика, Бразилия, Швейцариядағы әріптестерімен тығыз байланыс орнатқан. 

Байғали Есенәлі, «Қазақстан авторлар қоғамы» РҚБ төрағасы:

- 20 жыл бойы атқарылған іс өте үлкен. Осы күнге дейін 7 миллиард теңгенің көлемінде қаржы жиналып, авторларға берілді. Алдағы міндет - осы 2018 жылы авторлық құқық және зияткерлік меншік жөніндегі заң қайта қаралуы керек. Оған бүкіл әлем назар тігіп отыр. Себебі, «Қазақстан авторлар қоғамы» республика аумағы бойынша әлемнің 150 мемлекетіндегі 4 миллион автордың құқығын қорғайды.

 

Лаура ҚУАНЫШҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу