Мүмкіндігі шектеулі жандарға қатысты заң тиісінше орындалмай келеді. Жауапты мемлекеттік органдар бұл мәселені шешуі керек. Бүгін Парламент Сенатының қабырғасында осы мәселе жан-жақты қарастырылды. Депутаттардың айтуынша, әсіресе, арбаға таңылған адамдардың жүріп-тұруы соңғы кездері тіптен қиындап кеткен. Олардың кейбір ғимаратқа кіріп-шығуы оңай емес. Әсіресе, ұшақ пен пойыздарда қатынау үлкен мәселе тудырып отыр. Сенаторлар «мүгедек жандарға арналған арнайы вагондар болуы тиіс», - дейді. Айтуларынша, тіпті пойызға кіріп шығатын арнайы көмекшілерді де қарастырған жөн. Депутаттар әрбір үйде арнайы пандустар орнатып, арбаға таңылған адамдардың емін-еркін мініп-көтеруіне жағдай жасау қажет дейді. Республикаладағы қоғамдық көліктер де талапқа сай келмейді екен.
Нариман Төреғалиев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- БҚО-да мүгедектер «Бурабай» санаторийіне барғанда ол жерде 7-12 минут тоқтайды. Ол уақытта коляскаға отыратын адамдар үлгермейді. Ұшақпен ұшқанда амбулаторлық деген бар, соны кейбір компаниялар қолданбайды.
Бақытжан ОМАР
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Сенатта мүгедектердің құқығын қорғау жөнінде жиын өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/61985/)