Қызылорда қаласының 5 жасар тұрғыны Бақыт Нұрдананың есімі «УОРД БУК» кітабына енді. Ол Санкт-Петербург қаласында өткен халықаралық сайыста жүлдегер атанып, әлемдік рекорд жаңартты. Әлі мектепке де бармаған бүлдіршін ересектердің өзі әрең шығаратын есепті шемішкедей шағады. Ол 4 жасынан бастап ментальды арифметиканы меңгерген. Қазір есепті калькулятордан да жылдам, күрделі есептің өзін санаулы секундта шығарады. Ұстаздары ойша санауда техниканы жолда қалдыратын Нұрдананың болашағынан үлкен үміт күтеді.
Гүлзат Ермекқызы, ұстазы:
- 200 қыз қатысты. 200 қыз бірге есеп шығарады. Соған өзінің үлесін қосты. Яғни, Қазақстанның атынан 30 қыз болды. Соның ең кішкентайы - Нұрдана. Бірақ, бәрінен жылдам, есептерді шығарып, осындай көрсеткіштер көрсетті.
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қызылордалық 5 жастағы Нұрдана рекорд жаңартты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/62129/)