Зеленов ауданы «Бәйтерек» болып өзгереді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зеленов ауданы «Бәйтерек» болып өзгереді

02.10.2018

Батыс Қазақстан облысындағы Зеленов ауданын «Бәйтерек» деп атау туралы жергілікті Мәслихат шешімі шықты. Халық қалаулылары аудан атауын өзгерту ұсынысын бірауыздан қолдады. Ұсыныс республикалық ономастикалық комиссияға жіберілді. Бұдан бұрын аумақтағы 22 округте қоғамдық тыңдаулар өтіп, тұрғындар пікірі ескерілді. Зеленов ауданы облыстың солтүстігінде орналасқан. Ресейдің Орынбор, Саратов, Самара өңірлерімен шектесіп жатыр. 1939 жылы құрылған астықты өлкеде 57 мыңнан астам адам тұрады.

Сергей Еремин, Переметный ауылының тұрғыны:

- Бұл ауданның аты қазақша болу керек деп есептеймін. Бұл негізі іске асса, «Рухани жаңғырудың» үлкен жобасы болады деп есептеймін.

Қадырбай Абдушев, аудандық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы:

- «Бәйтеректі» Астананың бір бренді ретінде білсек, біздің ауданның 37 этнос өкілі бар халқы соның көлеңкесінде өмір сүріп, алға қарай біздің Қазақстанның болашағына жетелейді деп ойлаймын.

 

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу