9-шы рет өткізіліп жатқан сайысқа еліміздің әр өңірінен 200-ден астам тәртіп сақшысы қатысуда. Алғашқы күні қатысушылар Текелі қаласындағы қарттар үйіне барып, сый-сияпат беріп, ән-жырдан шашу шашты. Рухани жаңғыру орталығында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы талқыланып, мемлекеттік тіл мәселесі көтерілді.
Жалпы байқау мақсаты - Ішкі істер органдарында қызмет ететін өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілін жетік меңгеруіне ықпал ету. Сондай-ақ, кәсіби терминдерді дұрыс қолданып, қызметтік құжаттарды қатесіз рәсімдеуді үйрету.
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Талдықорғанда Ішкі істер министрлігінің ұйымдастыруымен «Парасатты полицей» байқауы басталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/62254/)