Оның бірі орталық демалыс саябағында. Екіншісі қаланың Оңтүстік-Шығыс ауданында. Бұл арнайы орындарда иттердің тұмсығын тұмшалау қажет емес. Биік металл қоршаулар арқылы қамауға алынған төрт аяқтылар адамдарға еш қауіп-қатер төндірмейді. Мұнда жарық жүйесі де ескерілген. Айналасы абаттандырылған. Келер жылы осындай алаңдар Октябрь ауданында да салынбақ.
Ләззат Ақылжанова, Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданы әкімінің орынбасары:
- Кинологтар қоғамынан көптеген хаттар түсіп, осындай алаңдар болмайды Қарағанды қаласында дегеннен кейін алаңдарды салып, абаттандырдық. Енді өздерінің иттерімен осы арнайы жерлерде серуендеуіне болады.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.