Мәжілісте 2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджетке өзгерістер енгізу туралы заң жобасы таныстырылды. Республикалық бюджеттен Шымкент қаласы мен Түркістан облысының дамуына 29,7 млрд. теңге бөлінбек. Бұл қаржы аймақтың жылу-энергетикалық, газ-транспорттық секторын жаңартып, білім беру және денсаулық сақтау нысандарын салуға жұмсалмақ. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының 5 қазандағы Жолдауын орындау үшін республикалық бюджеттен қосымша 39,4 млрд. теңге қарастырылып отыр. Бұл қаржының 18,8 млрд. теңгесі – ауыл шаруашылығы кешеніне, 15 млрд-ы – қолжетімді баспанаға, ал, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға - 5,6 млрд. теңге бөлінбек.
Әлихан Смайылов, ҚР Қаржы министрі:
- Бюджеттің негізгі параметрлері өзгерген жоқ. Түсімдер мен шығыстар 12,6 млрд. теңгеге ұлғайды.
Индира БЕГАЙДАР
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Шымкент қаласы мен Түркістан облысының дамуына 29,7 млрд. теңге бөлінеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/62352/)