Ақтөбеде шахтадағы жарылыстан жұмысшы зардап шекті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде шахтадағы жарылыстан жұмысшы зардап шекті

16.10.2018

Ақтөбе облысы, Хромтау ауданында шахтада болған жарылыстан зардап шеккен жұмысшы ауыр халде жатыр. Мейрамбек Кенжеғалиев облыс орталығындағы емдеу мекемесіне жеткізілуі мүмкін.

Оқыс оқиға Дөң кен байыту комбинатында болған. Қазіргі кезде оқиғаның себебі анықталып жатыр. 42 жастағы азамат руданың астында қалып, кеудесі қысылған. Одан бөлек, бірнеше жерінен жараланған. Туыстарының айтуынша, ол жарылыстан соң үйінді астында бірнеше сағат жатып қалған екен. Мейрамбек Кенжеғалиев «Казхром» компаниясына тиесілі шахтада он бес жылдан бері жұмыс істеп келеді. 4 баласы бар.

Людмила Волненко, Хромтау аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

- Жағдай ауыр. Сүйектері сынған. Басында жарақат бар, миы шайқалған. Санитарлық авияциямен мамандар келіп, қайтадан тексереді. Егер жолға жарайтын болса, Ақтөбеге жеткізіледі.

 

Жақсылық КЕМАЛ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу