«Инвестиция – жастарға. Ешкімді тыс қалдырмайық» атты жиынға әлемнің 35 мемлекетінен 200-ден астам өкіл қатысады деп жоспарланып отыр. Форумда жастардың жұмысқа орналасу, білім алудағы мүмкіндіктерін кеңейту жайы сөз болады.
Сондай-ақ, жас буынның ақпарат алуда, денсаулық сақтау саласында қолжетімділігі талқыланады. Жаһандану жағдайындағы жастарға төніп тұрған қауіп-қатер де айтылады.
Шараға Жапония, Қырғызстан, Малайзия, Таиланд сынды елдердің сарапшылары қатыспақ. Конференцияның өзі қазанның 19-ы мен 20-сы аралығында ұйымдастырылады. Бүгінде Қазақстан халқының 20 пайызы 10 мен 18 жас арасындағы жастар екенін айта кеткен жөн.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанада жастар мәселесіне арналған ауқымды конференция өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/62407/)