Алматыда жастар арасындағы «Үздік инновациялық жобалар» байқауы аяқталды. Екі айға созылған ауқымды шараға қаладағы жоғары оқу орындарының студенттерінен 50-ге жуық жоба түскен. Олардың ішіндегі 10 стартап-жобаның иесі үздік шықты. Ал, мұндай байқауды өткізу арқылы жастардың инновациялық белсенділігін арттырамыз. Оған қоса, «Озық технологияларды қолданып, әлеуметтік маңызы бар дүниелерді жасауға зор септігін тигізеді», - дейді ұйымдастырушылар.
Дәулет Әшімхан, «Ел-шежіре» қоғамдық қорының президенті:
- Бұл жобаның маңыздылығы – жыл сайын жас кәсіпкерлерді ынталандыру. Жастардың арқасында кәсіпкерліктің іргетасы қаланады деп есептейміз.
Руслан ҚОСАНОВ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыда инновациялық жобалар байқауы аяқталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/62511/)