Қостанайдағы қазақ драма театрында «Жемқорлық - дерт» атты спектакль сахналанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайдағы қазақ драма театрында «Жемқорлық - дерт» атты спектакль сахналанды

29.10.2018

«Жемқорлық – дерт». Қостанайдағы қазақ драма театрында осындай атаумен спектакль сахналанды. Тобыл өңірінде Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік республикалық форум өткізіп жатыр. Театрдағы қойылым – осы форум аясында атқарылған жұмыстың бірі. Драмалық шығарманың авторы - жемқорлықтың неден туындап, қоғамға қаншалықты зардабын тигізетінін көрсетуді мақсат тұтқан. Спектакльде отбасындағы тәрбиенің адамның қалыптасуына қаншалықты ықпал ететіні жан-жақты ашылған. Сонымен қатар, өмірде адалдық пен арамдықтың қатар жүретіні де көрсетіледі. 

Салауат Мүксімов, ҚР Мемлекеттік қызмет агенттігі облыстық департаментінің басшысы:

- Қойылым арқылы мемлекеттік қызметте, ішкі істер органдарында адал қызметкерлер бар екенін көрсетіліп отыр. Осылайша, қойылым соңы жақсылықпен аяқталып отыр. Бірақ, жанұядағы тәрбиенің төмендігі, басқасы көрермендерге сабақ болып отыр.  

 

Дәуренбек ӘБДІБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу