Енді ел тұрғындары қазына қаражатының қайда және қалай жұмсалып жатқанына бақылау жүргізе алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Енді ел тұрғындары қазына қаражатының қайда және қалай жұмсалып жатқанына бақылау жүргізе алады

29.10.2018

Енді ел тұрғындары қазына қаражатының әрбір тиыны қайда және қалай жұмсалып жатқанына бақылау жүргізе алады. Жемқорлыққа жауапты агенттік - Нидерланд елінің қолдауымен арнайы карта әзірледі. Онда Астана қаласында салынып жатқан нысандар мен жөнделіп жатқан жолдарға қанша қаражат бөлінгені көрсетілген. Егер құрылыс жұмыстары мен материалдардың сапасына көңіліңіз толмаса, пікір қалдырып, ұсыныс білдіруге мүмкіндік бар. Карта әлеуметтік желілерге жүктеуге де ыңғайлы. Бастысы, әрбір пікір ескерусіз қалмайды. Мамандар осылайша тұрғындардың көмегімен бармақ басты, көз қысты әрекеттерге тосқауыл қоюды жоспарлап отыр. Астанадан бастау алған жобаға болашақта еліміздің өзге де өңірлері енгізілетін болады. Әрі интерактивті картаның мобильдік қосымшасы жасалады.

 

Досымжан ЕРМҰРАТ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу