Астана тұрғындары мен қонақтары еліміздің ғарыш саласының ғажайыптарын тамашалай алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана тұрғындары мен қонақтары еліміздің ғарыш саласының ғажайыптарын тамашалай алады

01.11.2018

Елордада ерекше көрме ашылды. Бүгіннен бастап Астана тұрғындары мен қонақтары еліміздің ғарыш саласының ғажайыптарын тамашалауда. «Қазақстанның ғарыш жолы» атты көрме мақсатты түрде ұйымдастырылған. Халықтың заманауи технологияларға деген қызығушылығын арттыру үшін. Жиналған жұрттың назарына ғарышкерлеріміз Жерге қонған капсула, скафандр, «KazEoSat» спутниктерінің макеттері сынды бірнеше экспонат ұсынылған. Сонымен қатар, Жерді қашықтан зондтау арқылы түсірілген айрықша суреттер де бар. 

Тоқтар Әубәкіров, Қазақстанның Халық Қаһарманы:

- Жерге қонатын аппаратты көрсете бермейді, себебі, оның құпиясы бар.

Ербол МӘНДІБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу