2019 жылдан бастап әуе билеттерінің бағасы төмендейді. Ол үшін «Эйр Астананың» жанынан бюджеттік әуе компаниясы құрылады. Сондай-ақ, жолаушылардың қауіпсіздігіне баса назар аударылып, бұл істе британ моделін қолдану көзделіп отыр.
Бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбекті, «Самұрық-Қазына әл ауқат қоры» директорлар кеңесінің мүшесі Ричард Эвансты және «Эйр Астана» әуе компаниясының президенті Питер Фостерді қабылдады. Кездесуде Елбасы азаматтық авиацияны дамыту мәселелерін қозғап, нақты тапсырмалар жүктеді.
Дулат НУРКИН
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=2019 жылдан бастап әуе билеттерінің бағасы төмендейді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/62648/)