Ақтөбеде жыл соңына дейін үй кезегінде тұрған азаматтарға «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 500 пәтер тапсырылады. Бүгін өтініш қабылдау басталды. Үміткерлердің ауданы 32-ден 54 шаршы метрге дейінгі бір бөлмелі пәтерлерді алуға мүмкіндіктер бар. Ең басты шарт - арыз беруші баспана құнының 10 пайызын төлеуі тиіс. Тағы 10 пайызын жергілікті әкімдік 5 жылға үстемесіз береді. Бұл баспаналардың әр шаршы метрі 100-120 мың теңге аралығында болады. Жалпы, қазір облыс орталығында үй кезегінде 21 мыңға жуық адам тұр екен.
Жанаргүл Дүйсекенова, қалалық Тұрғын үй қорын есепке алу секторының меңгерушісі:
- Қабылдауға келгенде көп азаматтар «бағдарламаға қатысқымыз келеді, бірақ, бастапқы ақшамыз жоқ», деп айтады. Сондықтан, 4-9 қараша аралығында «Халықтық кеңсе» ғимаратында азаматтардан несие алуға арыздар қабылдаймыз.
Жақсылық КЕМАЛ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақтөбеде жыл соңына дейін «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 500 пәтер тапсырылады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/62681/)