Ақын, ғалым-ұстаз, филология ғылымдарының кандидаты Сағатбек Медеубекұлы 60 жасқа толды. Осыған орай, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде «Заман сөздегі ғылыми стиль және журналистік таным мен талғам» атты конференция өтті. Басқосуда белгілі қаламгерлер қазіргі ақпарат кеңістігінің тыныс-тіршілігі мен жаңа медианың мүмкіндіктерін талқылады. Журналистік білім берудің ерекшеліктері мен мерейтой иесінің осы салаға сіңірген еңбектері жайлы сөз қозғады. Ал, университет ректоры Сағатбек Медеубекұлын әл-Фараби атындағы күміс медальмен марапаттап, ұлағатты ұстаздың жас журналистерді дайындау ісіне сәттілік тіледі.
Нұрлан Оразалин, ақын:
- Сағатбектің ұлтты тану мен зерделеудің сыртында жүрегіне тұмар қылып түйген қасиеті - қазақ журналистикасында шәкірт дайындау.
Аманкелді СЕЙТХАН
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ғалым-ұстаз Сағатбек Медеубекұлы 60 жасқа толды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/62690/)