Шығыс Қазақстандағы колледждерде студенттер заңсыз оқып келген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстандағы колледждерде студенттер заңсыз оқып келген

09.11.2018

Кәсіптік білім беретін оқу орындары тізімде ғана бар студенттерге баға қойып, келесі курска көшіріп отырған. Тіпті, сабақта жоқ студенттерге шәкіртақы да тағайындаған. Ол аздай, оқу бітірген соң, жұмыспен қамтылған түлектердің санын артығымен көрсетіп, жалған мәлімет берген. Өңірдегі колледжерді тексерген облыс прокуратурасы білім саласындағы біраз былықтың бетін ашты. Гранттарды заңсыз тағайындау, жатақхана бөлмелерін бөтен адамдарға жалға беру оқиғалары да аз емес. Тексеру қорытындысы бойынша прокурорлар мемлекет бюджетіне 43 миллион теңге шығын келтірілгенін анықтады. 

Мақсұт Тоқсанбаев, облыс прокурорының көмекшісі:

- 36 адам тәртіптік жауапкершілікке, 4 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын. Сонымен қатар, Күршім ауданы бойынша 12 студент заңсыз оқығаны анықталып, ол бойынша қазіргі уақытта қылмыстық сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

 

Берік КӨШЕРБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу