Білікті кардиохирург Юрий Пяның мекеме алдында қар тазалап жүрген видеосы жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Білікті кардиохирург Юрий Пяның мекеме алдында қар тазалап жүрген видеосы жарияланды

12.11.2018

Әлеуметтік желіде еліміздің танымал дәрігері, білікті кардиохирург Юрий Пяның өзі жетекшілік ететін Орталықтың алдында қар тазалап жүрген видеосы жарияланды. Дәрігердің бұл әрекетіне риза болған желі қолданушылары оған алғыс жаудырып жатыр.

Бұл - әлеуметтік желіде жеңіл пиар іздейтіндердің әрекеті емес. Дәрігердің қолы қалт еткенде үнемі айналысатын шаруасы. Өйткені, бұған дейін де атақты дәрігердің гүлдерді суарып жүрген видеосы жарияланған еді. Жалпы, белгілі кардиохирургтің бастықпын деп жұмсақ орындықта шалқайып отырмайтынын, шынайы өмірде де қарапайым екенін әріптестері де, емделушілері де жиі айтып жүреді.  

 

Сәуле АЛДАМҰРАТ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу