Бұл туралы Мәдениет және спорт министрінің қабылдауында болған Көкпар федерациясының президенті Мұхтархан Ділдәбеков айтты. Бокстан Олимпиада жүлдегері бірінші кезекте қазандық мәселесіне мән беріп, көкпар алаңын кеңейтуді қолға алмақ. Сондай-ақ, ішкі чемпионат клубтық жүйе бойынша өткізелетін болады. Арыстанбек Мұхамедиұлы федерацияның жаңа басшысына ЮНЕСКО-ның шешімімен ұлттық спорт түрлерінен 2021 жылы өтетін Олимпиадаға күш салуды тапсырды.
Мұхтархан Ділдәбеков, ҚР Көкпар федерациясының президенті:
- Әлем біріншілігі, Азия біріншілігі өткелі жатыр. Соған дайындалуға атсалыстық. Аттарымыз, палуандарымыз дайын. Қазандық мәселесі шешілмей жатыр. Соны шешіп алсақ, жеңіс сыйлаймыз деген ниеттеміз.
Досымжан ЕРМҰРАТ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Көкпардың ережелеріне өзгеріс енгізіледі&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/62871/)