Бизнес өкілдері төрелік сотқа сенбейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бизнес өкілдері төрелік сотқа сенбейді

22.11.2018

Бизнес өкілдері төрелік сотқа әлі де болса сенбейді. Мәселе шешілмегендіктен, оларға түсетін шағымдар азаймаса, көбеймей отыр. Түйткілдің түйінін тарқату жолдары бүгін өткен дөңгелек үстелде қаралды. Сала мамандары коммерциялық дауларды шешуде мемлекеттік соттардың баламасы ретінде төрелік институттарды дамыту өзекті екенін айтты. Сондай-ақ, төрелік шешімдерді тану мен орындауға келгенде мәселенің күрделеніп бара жатқаны сөз болды. Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша тиісті ұсыныстар қабылданады.

Дәулет Балықов, Алматы ауданаралық экономикалық сотының төрағасы:

- Төрелік сот бизнес, коммерциялық дауларда қолданылады. Бірақ, бизнестегілер оған көп мән бермейді. Үкіметтің сотына жүгінеді. Бірақ, баламалы шешімдер жеңіл әрі арзанға түседі. Соны дамыту керек.

 

Досымжан ЕРМҰРАТ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу