Абыройлы міндетті өзіне борыш етіп алған 295 сарбаз Алматыда ант қабылдады. Олар - осыдан бір ай бұрын еліміздің әр өңірінен іріктелген сайдың тасындай жігіттер. Арасында 4 спорт шебері, 19 спорт шеберлігіне үміткер бар. Сарбаздардың сапалық мінездемесі де жоғары. Мәселен, 67 пайызының орта-арнайы білім туралы дипломы болса, 17 пайызы жоғары білімді.
Ант қабылдаған жастар енді әскери даярлық, жауынгерлік және саптық дағдылар, мемлекеттік эталондарды күзету бойынша тәжірибе жинауды бастайды.
Райымбек Қабдыраш, жас сарбаз:
- Бүгін бізге өте маңызды күн, өте жауапты күн болып тұр. Оқу бітірген соң осында келем деген менің жоспарым болған. Тағы да бір себебі - осында әкем Отан алдындағы борышын өтеген. Соның жолын қуғым келді.
Амангелді СЕЙІТХАН
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.