Астанада WorldSkills Ұлттық чемпионатының өтіп жатқанына бүгін - үшінші күн. Кәсіби тұрғыда бақтарын сынап жатқан жастардың кейбіріне кәсіпкерлер жұмыс ұсынып та үлгерген. «Әсіресе, Электромонтаж жұмыстары, сән технологиясы, мехатроника мамандықтарын меңгергендерге сұраныс жоғары», -дейді форумды ұйымдастырушылары.
Бүгінде кәсіби білім беру сапасын арттыру - алға қойып отырған мәселелердің бірі. Осы мақсатта WorldSkills форумы төртінші жыл қатарынан ұйымдастырылып келеді. Оған еліміздің барлық өңірінен 30 мамандық бойынша 350-ге жуық үміткер қатысуда. Чемпионаттың жабылу рәсімі желтоқсанның 7-сінде өтеді. Іріктелген үздіктер Қазан қаласына барып, жарыстың халықаралық деңгейінде бақтарын сынамақ.
Эльмира Суханбердиева, ҚР Білім және ғылым вице-министрі:
- Нағыз жұмыс істейтін мамандықтар. Осы жерде біздің балалар өзін өзі көрсетіп жатыр. Осы жерде үлкен жұмыс жүріп жатыр.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанада WorldSkills чемпионаты өтіп жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/63107/)