Дені сау кәрілік. Бүгін Астанада «Ардагерлерді ұйымдастыру» Республикалық ардагерлер кеңесінің отырысы өтті. Оған Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген Кеңестің өңірлік жетекшілері қатысты. Жиында жер-жердегі ардагерлер мұрындық болған шаралар мен тәлім-тәрбиелік жұмыстар тілге тиек етілді. Әлбетте, ардагерлердің мұң-мұқтаждары да, назардан тыс қалмады. Әсіресе, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында ардагерлерге қарастырылған медициналық көмектің мәселелеріне басымдық берілді. Жалпы, комиссияның мақсаты - қазақстандық ардагерлердің денсаулығын жіті бақылауда ұстау және бос уақытын тиімді өткізуді ұйымдастыру.
Әділхан Абдулин, «Отан соғысының мүгедектеріне арналған орталық клиникалық госпиталь» ШЖҚ РМК директоры:
- Қазақстан бойынша ерлер 70 жыл, әйелдер 81 жыл өмір сүреді. Дені сау кәрілік болсын, бақытты болсын.
Армангүл ТОТАМҰРАТ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанада республикалық ардагерлер кеңесінің отырысы өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/63257/)