Денис Тен жазған сценарий бойынша фильм түсіріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Денис Тен жазған сценарий бойынша фильм түсіріледі

20.12.2018

Белгілі режиссер Тимур Бекмамбетов осындай мәлімдеме жасады. Түсірілім жұмыстары АҚШ-та жүреді. Қазір сценарийді бұрмаламай, белгілі спортшының ойын көрерменге анық жеткізе алатын режиссер таңдалып жатыр. Бүгін Денис Теннің қоғамдық қоры журналистерге баспасөз мәслихатын өткізіп, алдағы жоспарларымен бөлісті. Ең ауқымды жобаларының бірі - Мәнерлеп сырғанау академиясын құру. 

Оксана Тен, Денис Теннің анасы:

- Бұл жоба Денистің арманы болатын. Атауын да өзі қойды. «Global skating akademy». Академияны біз келер жылы құрамыз. Біздің тамыз айында құрған қоғамдық қорымыз Денистің жоспарлары мен бастаған істерін жүзеге асыруға бағытталады.

Оңғар АЛПЫСБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу