Мереке күндері еліміз бойынша 19 ірі төтенше оқиға тіркелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мереке күндері еліміз бойынша 19 ірі төтенше оқиға тіркелді

03.01.2019

Оның екеуі адамның суға батуы ал, қалған 17-і техногендік сипаттағы жағдай. Өрт оқиғаларынан қаза тапқандардың нақты саны анықталып жатыр. 31 желтоқсан мен 2 қаңтар аралығында Төтенше жағдайлар қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеді. Адам өмірін жалмаған ірі өрттердің бірі Павлодар қаласында тіркелді. Көпқабатты тұрғын үйден түн ортасында шыққан өрт 12 шаршы метрге тараған. Бөлінген газдан уланып, бірнеше адам ауруғанаға түсті. 

Нұрсұлтан Нұрахметов, Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі:

- Өрт сөндірушілер 75 адамды эвакуациялап, 3 адамды құтқарды. Өрт салдарынан 1952, 1976, 2011 жылдары туған 3 адам улы газбен уланып, ауруханаға жатқызылды. 2011 жылы туған қыз сол ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмды. Өрттің шығу себептері анықталуда. 

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу