«Қазгидрометтің» мәліметтеріне қарағанда, 8-9 қаңтар аралығында Түркістан, Жамбыл және Қызылорда облыстарында желдің жылдамдығы күшейеді. Атап айтқанда, 8 қаңтарда Жамбыл облысында оңтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. 9 қаңтарда түнде желдің екпіні секундына 28 метрге дейін артады. Оның үстіне, көктайғақ пен тұман болады деп болжануда. Қызылорда облысының Сырдария өзенінде мұз құбылыстарының бұзылуына байланысты өзен арнасынан тасуы ықтимал. Сондай-ақ, Түркістан облысының таулы жерлерінде мол жауын-шашын түсіп, салдарынан өзен арнасынан тасып, кей жерлерді қызыл су басу қаупі бар.
Ербол МӘНДІБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше аймақта ескерту жарияланды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/63415/)