Сырдария өзенінің Қызылорда қаласы тұсындағы ескі бөгетті су жырып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сырдария өзенінің Қызылорда қаласы тұсындағы ескі бөгетті су жырып кетті

08.01.2019

«Бірақ, сол жағалауға қауіп жоқ», дейді мамандар. Себебі, былтыр осы ескі бөгеттің сыртынан жаңа қорғаныс салынған. Дер кезінде істелген шаруаның арқасында, облыс орталығы топан судан аман қалды. Жағдай тез арада қалыпқа келтірілді. Барлық техника жұмылдырылып, бұзылған бөгет жөнделді. Қазір облыс аумағындағы барлық қауіпті тұс ерекше бақылауға алынған, күндіз-түні кезекшілік ұйымдастырылуда.

Ғабит Жаңабаев, облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы бастығының орынбасары:

- ҚР Үкіметінің арнайы шығындарынан, төтенше жағдай шығындарынан 2 миллиард 656 миллион қаржы бөлініп, 10 шақырым қорғаныс бөгеті салынып, қазіргі заманға сәйкес, сол қорғаныс бөгетінің алдындағы ескі қорғаныс бөгеттерінің үстінен су жүріп, жаңа қорғаныс бөгетіне келіп тірелді. Ескі қорғаныс бөгетін шұғыл сол араға бекітілген мекемелер, қала әкімдігі тарапынан арнайы мекемелер жұмылдырылып, толық қалпына келтіру жұмыстары аяқталды.

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу