Етік үшін екі жылға сотталып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Етік үшін екі жылға сотталып кетті

08.01.2019

Қостанайда түзеу мекемесі басшысының орынбасары жазасын өтеушіден параға құны 40 мың теңге тұратын қысқы аяқ киім алған. Есесіне ол сотталушыға телефонмен сөйлесуіне қосымша уақыт бермек болған. Сонымен қатар, басқа да жеңілдіктер жасауға уәде еткен. Ақырында өзі қылмыс үстінде қолға түсіп, жазаға тартылды. Айыпты ҚР Қылмыстық Кодексінің 366-бабы бойынша 2 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Самат Сәтмағанбетов, Қостанай қалалық сотының судьясы:

- Неге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындадық? Қорғаушы қомақты айыппұл салумен шектелуді сұраған еді. Алайда, айыпты қатардағы қызметкер емес, басшылық міндет атқарды. Сондықтан, бұл қылмыстың қоғамға қауіптілігі ескеріліп, бас бостандығынан айыру жазасы белгіленді.

Дәуренбек ӘБДІБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу