Алматы-Қапшағай тасжолында 31 көлік соғысты. Ірі жол апатының салдарынан 5 адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.
Оқиға бүгін таңертең Алматы-Өскемен тасжолының 20-шы шақырымында болған. Алдын ала болжам бойынша, апатқа қалың тұман мен көктайғақ себеп. Соның кесірінен қаз-қатар келе жатқан көліктер тоқтай алмай, бір-біріне соғысқан. Сондықтан, полицейлер жол үстіндегі жүргізушілерге жылдамдықты асырмай, барынша абай болуды ескертті.
Серік Үпиев, облыстық Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің өкілі:
- Оқиға орнында жол-патрульдік полиция қызметкерлері тиісті жұмыстарын атқаруда. Қазіргі таңда көлік қозғалысы өз қалпына келтірілді.
Аманкелді СЕЙІТХАН
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматы-Қапшағай тасжолында ірі жол апаты болды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/63465/)