«Мигрант» жедел алдын алу шарасы барысында құрылыс нысандары мен сауда-саттық орындары тексеріліп, 259 заң бұзу дерегі анықталды. Олардың дені Қазақстанға кірерде салық төлемеу үшін келу мақсатын дұрыс көрсетпей, жұмысқа тұрады. Жалпы, былтыр облыста 5 жедел алдын алу шарасы өткізіліп, 200-ге тарта мигрант елден шығарылды.
Ермек Нұсұрбаев, облыстық ПД Көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары:
- Заңсыз көші-қонға қарсы іс-әрекет жасау мақсатында 2018 жылдың басынан облыс аумағында 5 жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді. Жүргізілген жұмыстардың арқасында 3 мыңнан астам шетел азаматы әкімшілік жауапткершілікке тартылды. Соттың шешімімен 189 шетелдік елден шығарылды. Шетел жұмыс күшін заңсыз қолданған 100 жұмыс беруші жауапқа тартылды.
Сағындық СӘБИТҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Петропавлда заңсыз жұмыс істеп жүрген 16 шетел азаматы ел аумағынан шығарылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/63603/)