Шаһардағы өнер музейінде мерейтойға арналған көркемсурет және қолданбалы өнер туындыларының көрмесі өтті.
Бұл жерге негізінен облыс орталығында орналасқан Балалар және жасөспірімдер шығармашылық үйі шәкірттерінің еңбектері қойылған. Жас таланттар «Ақтөбе - құтты мекен» деп аталған көрменің тақырыбына сай қиялдарына ерік берген. Олар әсем қаланы бейнелеу үшін гуашты, майлы бояуды, киізді, ағашты және темірді пайдаланыпты. Мұндағы ерекше туындыларды екі апта ішінде 500-ден аса адам тамашалап үлгерді.
Балалар және жасөспірімдер шығармашылық үйі 9 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Осы уақыт аралығында жеткен жетістіктері де аз емес.
Тұрсынай Ташимова, Балалар және жасөспірімдер шығармашылығы үйінің педагогы:
- Бірінші оқу жылында сурет салудың әдіс-тәсілдерін үйретсек, екінші оқу жылынан бастап бала бейнелеу өнерінің әртүрлі саласынан білім алады. Мысалы, қолөнер, болмаса, мүсіндеу-скульптура әдісімен. Жалпы, баланы әр түрлі салада сурет салу техникасын үйренуіне дағдыландырамыз.
Жақсыбек КЕМАЛ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақтөбеліктер қаланың 150 жылдығын тойлауды бастап кетті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/news/63696/)