Өткен жылы Қостанай облысында 50 оқушы өзіне қол жұмсап, 12 жеткіншек қыршыннан қиылған. Осындай жағдайдың алдын алу мақсатында жасөспірімдерге арналған өңірлік психологиялық қолдау орталығы ашылды. Орталықта қазір 10 психолог-маман жұмыс істейді. Олар өңірдегі барлық білім ошақтарымен тығыз байланыс орнатады. Сауалнама жүргізіп балалардың психологиялық ахуалын бақылап отырады. Қажет болған жағдайда оқушыларға психологиялық қолдау көрсетеді. Ата-аналармен де жұмыс жүргізіледі. Жобаны жүзеге асыру үшін жергілікті бюджеттен 54 миллион теңге бөлінген.
Әсем Құлмағамбет, «Психологиялық қолдау және қосымша білім беру өңірлік орталығы» бөлім басшысы:
- Мұндағы мамандар консультациялық-психологиялық көмек көрсетеді. Сонымен қатар, күрделі мәселені шешуге көмектеседі, құқықтық кеңес береді. Қазақстан бойынша жасөспірімдер арасында өз-өзіне қол жұмсау мәселесі көбейіп отыр. Соны азайту мақсатында жұмыстар атқарып жатырмыз.
Дәуренбек ӘБДІБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қостанайда өңірлік психологиялық қолдау орталығы ашылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/63823/)