Көгалдандыру жұмыстары басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көгалдандыру жұмыстары басталды

11.02.2019

Алматы облысындағы Текелі қаласының жастары Елбасының елді мекендерді көгалдандыру тапсырмасын орындауға кірісіп кетті. Кеншілер шаһарының жас өрендері мен аға буын өкілдері Қазақстандағы ең ұзын көшенің кіреберісіне қылқан жапырақты ағаштар отырғызды.

Айта кету керек, Гиннестің рекордтар кітабына енген Текелі қаласындағы Қонаев көшесінің ұзындығы - 33 шақырым. 100-ге жуық түп қарағай болашақта қалаға көрік беріп, жастардың сейіл құратын орнына айналатын болады. Мамандардың айтуынша, қаңтар, ақпан айлары қылқан жапырақты өсімдіктердің көшеттерін отырғызуға қолайлы мерзім.

Сырымбек Батырбеков, жас маман:

- Осы жылы Жастар аллеясы салынады. Соның бастамасы деп білеміз. Қаламыздың өркендеуіне осылай үлес қосуға әрдайым дайынбыз.

Бақтияр Өнербаев, Текелі қаласының әкімі:

- Бұл жерге жаяу жүргіншілерге арналған тротуарлар салынады. Бәрі жоспарда бар. Сондықтан іс басталды десек болады.

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу