Ақтауда «Ақылды үйлер» пайда болды. Тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлы тұрмысын қамтамасыз ететін жүйе әзірге 35 үйге енгізілді. Тұрғын үйлердің кіреберісіне 2 мың бейнебақылау орнатылған.
Болашақта баспананың бәрін қамту көзделген. Сондай-ақ, қаладағы көлік қозғалысы мен тұрғындардың қауіпсіздігін қадағалау үшін, біраз жерге камера қойылады. Ал, пәтерге қондырғылар үй иесінің қалауымен орнатылады. Себебі қызмет құны - айына 2 мың теңге. Жоба «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында жүзеге асуда.
Аягөз ОРАЛБАЙҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақтаудағы үйлерге бейнебақылау камералары орнатылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/63912/)