Құны 2 млн доллардың келісімшартына қол қойды. Енді Ақтауға Хорезмнен апта сайын 20 тонна қызанақ, қияр, сәбіз, картоп әкелінеді. Ал, Маңғыстаудан оларға балық өнімдері жөнелтіледі.
Сондай-ақ, кездесуде Солтүстік Қазақстан мен Маңғыстау облысының және Өзбекстанның кәсіпкерлері ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Әріптестік байланыс ауыл шаруашылығы, туризм және транспорт саласында да дами түспек.
Тулганай Сапарбаева, хорезмдік кәсіпкер:
- Бүгін 2 млн долларға келісімшарт жасадық. Бұдан былай Маңғыстауға аптасына бір рет көкөністің түр-түрін әкеліп тұрамын. Мен үшін үлкен олжа. Әзірше 1 жыл жұмыс жасауға келістік. Алдағы уақытта ісіміз алға басса, байланысты нығайтып, бірнеше жылға келісімшарт жасаймыз деген ойдамын.
Тұрсынгүл Жақыпова, кәсіпкер:
- Балық өсіру қиын. Бірақ мен бұл жұмысты жалғастырып, ары қарай жандандыру мақсатында хорезмдіктермен байланыс орнаттым. Өте қуаныштымын. Жаңа технологиялар да қолданамыз.
Аягөз ОРАЛБАЙҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстан және Өзбекстан кәсіпкерлері Ақтауда бас қосты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/63915/)