Бұл теңіз деңгейінен 3 мың метр жоғары. Спортшылар бұл шыңға бірнеше рет өрмелегенмен, тек 5-ші жолы ғана шыққан. Соңғы 20 жылда Мұзтауға қыста бірде-бір альпинист көтерілген емес. Сондықтан бұл әзірше рекорд болып тұр. Күніне 9 сағаттан астам құз-жартас арқылы өрмелегенде 3 шақырым ғана көтерілген. Нәтижесінде 5 тәулік дегенде ең биік жеріне жеткен.
Мұзтаудың етегіне олар қар көлігімен барыпты. Тіпті кейбір жерлерде шаңғымен де жүрген.
Вячеслав Орлов, альпинист:
- Арнайы көлікпен шықсақ та, қардың көптігінен діттеген жерге жете алмадық. Дегенмен алғашқы бір-екі күн тырысып көрдік. Бірақ ол әрекетіміз бос уақыт жоғалту екенін білдік те, досым екеуміз ары қарай шаңғымен жаяу кеттік.
Берік КӨШЕРБАЙ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=ШҚО альпинистері Мұзтаудың ең биік шыңына шықты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/64163/)