Талдықорғанда оңалту орталығының балалары аналарына ерекше тарту жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда оңалту орталығының балалары аналарына ерекше тарту жасады

07.03.2019

«Менің анам – ең сұлу адам». Талдықорғанда облыстық оңалту орталығының балалары осындай ұранмен аналарына ерекше тарту жасады. Сал, даун дерті және басқа да ауытқуы бар балалардың күндізгі орталығында бүгінде 100-ден астам жас жеткіншек қызмет алады. Халықаралық әйелдер күніне орай балалар ән айтып, би билеп өздерінің мүмкіндіктері шексіз екенін көрсетті.

Ұйымдастырушылар дәл осындай дарынды бүлдіршіндерді өсіріп жатқан аналардың мейіріміне алғыс білдіріп, сый-сияпат көрсетті. «Өз ұрпағына жүрек жылуы мен ыстық ықыласын төккен мейірімді жандар қандай-да болса құрметке лайық»,-дейді орталық қызметкерлері. 

Айгүл Диханбаева, оңалту орталығының директоры:

- Ана болу - бақыт. Бұл мықты аналар. Өзгеше. Қандай баланы болса да мәпелеп, қамқорлық жасап жатқан ананы көргенде көзіңе жас келеді. 

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу