Атырау облысында көпбалалы аналардың әлеуметтік мәселесі әлі күнге өзекті күйінде қалып тұр. Өңірдегі тұрмыс жағдайы төмен отбасылардың негізінен баспана алуы және жұмысқа орналасуы - күрделі проблема. Бүгін вице-премьер бастаған Үкімет өкілдері әлгіндей отбасылардың үйіне арнайы барып, мұң-мұқтажын тыңдап, мәселелеріне мән беріп, оны шешу жолдарын нұсқады.
Қазіргі таңда «Іскер ана» атты арнайы аймақтық жоба жүзеге асып жатқаны мәлім болды. Оның басты мақсаты - жергілікті жердегі жұмыссыз қыз-келіншектерді кәсіп негіздерін оқыту және қаржы көздеріне қол жеткізуіне ықпал ету. Сонымен қатар, Үкімет мүшелері үй-үйді аралау барысында «Әлеуметтік қамқорлық» шаралары туралы жан-жақты ақпарат беріп, атаулы әлеуметтік көмекті алудың тәртібін түсіндірді.
Ербол МӘНДІБЕК
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Әлеуметтік қамқорлық». Үкімет мүшелері Атырау тұрғындарымен кездесті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/64233/)