Алматыда Қазақстан халқы ассамблеясы өкілдерінің кездесуі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Қазақстан халқы ассамблеясы өкілдерінің кездесуі өтті

15.03.2019

Алматыда Қазақстан халқы ассамблеясы өкілдерінің кездесуі өтті. Оған Мәжіліс депутаттары мен этномәдени бірлестіктің мүшелері қатысты.

Басқосуға жиналғандар 2019 жылға арналған жұмыс жоспарлары мен негізгі міндеттерді талқылады. Солардың бастысы ретінде Қазақстан халқы Ассамблеясының іскер азаматтары шетелдермен байланысты нығайтып, бизнесті дамытуға ден қоймақшы.

Олар тарихи отандарынан инвесторларды тартып, тың жобаларға қаржы салуға кірісетіндіктерін жеткізді. Себебі, ел экономикасы көтерілсе, халықтың әл-ауқаты артады. Сондықтан, шикізат пен табиғи ресурстарға негізделмеген жобаларды іске асыруға көп көңіл бөлеміз, дейді кәсіпкерлер.  

Жансейіт Түймебаев, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары:

Жұмысты біз жаңа деңгейге көтеруіміз керек. Халық оны білуі қажет. Және ең бастысы ҚХА мүшелері Қазақстан халықтарының ынтымағы, бірлігі, бейбітшілігі жолында белсене атсалысу қажет. Осы мәселелерді біз ашық талқыладық. 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ             

Хабарламаларға жазылу